$ 472.49  515.44  5.41

«Көре алмайтын адамның әңгімесі»: Ұланғасыр Қами өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Ол арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желіде жүктеген.

Фото: instagram/ulangasyrqamiev
Фото: instagram/ulangasyrqamiev

Танымал әнші Ұланғасыр Қами «Бес жұлдыз» сайысында өзін сынаған сарапшыға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Бес жұлдыз» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер», - деген еді.

Осы пікірге қатысы әнші Ұланғасыр Қами сахнадан тыс, ойын жинақтап пікір білдіруге бел буған.

Ол арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желіде жүктеген.

«Как вы любите той!». Тойдың несі жаман?! Қазақта, Қазақстанда той көп болып жатқаны елімізде – тыныш, бейбіт заман деген сөз! Тойды қысқартамыз дегендерді де түсінбеймін. Өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы несие алып жатыр... иә, дұрыс емес, бірақ, ол өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы.

Екіншіден, сіздің де бір әніңіз хит болып кетсе, халық тойда билесе, сізді де тойға шақырып миллиондап ақша тапсаңыз, сіз тіпті бұлай айтпас едіңіз! Бұл – әншілердің гонарарын көре алмайтын адамның әңгімесі», - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары