$ 494.87  520.65  4.91

«Елдің артын жалағыш...»: Тоқтар Серіков биліктің «көмегіне мұқтаж емес» екенін айтты

Кімнің не істеп жүргенін уақыт көрсетеді. Мен қандай да бір тірлікке баратын уақытта жолымда қолында үлкен билігі бар кісілер кездесіп қалады. Олармен сөйлессең біраз дүние шешіп алуға болады. 

Фото: instagram.com/toktar.serikov
Фото: instagram.com/toktar.serikov

Жағымпаз әншінің ел алдында қадірі болмайды. Бұл туралы белгілі әнші Тоқтар Серіков пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі бұл туралы  «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берген кезде айтты.

Әнші журналистің «Өнер адамы қай кезде қадірін жоғалтып алады» деген сұрағына жауап берді.

«Біржан салдың киносында өнерді патшалардың, бай-манаптардың алдына апарып, өзінің қадірін түсіріп ала ма деп қорқамын» деген жері бар. Біржан сал ол кезде дәл бұлай айта қоймаған шығар. Досхан аға бізді меңзеп тұр. Сарай әншісі, жағымпаз әнші болып қадірімді кетіріп аламын ба деп жанталасып жүрген адамдардың құрметіне айтылған сөз. Кімнің не істеп жүргенін уақыт көрсетеді. Мен қандай да бір тірлікке баратын уақытта жолымда қолында үлкен билігі бар кісілер кездесіп қалады. Олармен сөйлессең біраз дүние шешіп алуға болады. Бірақ мені ар жібермейді. Менің арымның ар жағында ұлым тұр ғой. Ұлым мені бәрінен биік қойып, менің әкем құдайдан басқа ешкімге бас имейді деп айтады. Сол сөзінің өзі маған мотивация. Ертең  дүниеден өтіп жатсам, біреу менің ұлыма келіп сенің әкең сарай әншісі, жағымпаз, елдің артын жалағыш, туфли сүрткіш, көп адамға дәретхана қағазы болып еді десе, менің балам сол жерде жарылып өліп қалады ғой. Мен солар үшін өмір сүріп жүрмін. Болашақта балам тік жүру үшін шамам келгенше адал тірлікке барамын. Ешкімнен атақ та, қызмет те, үй де сұрамаймын, ешнәрсеге мұқтаж емеспін», - деді әнші.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 13
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары