Депутат бұл туралы Airan media-ға берген сұхбатында баяндаған.
Ринат Заитов депутаттыққа түсер кезде ақша беріп "бармай-ақ қойшы" дегендер болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Massaget.kz сайтының жазуынша, айтыскер-ақын әрі депутат бұл туралы Airan media-ға берген сұхбатында баяндаған. Алайда ол мұндай ұсынысты кімдер жасағанын айтпады.
Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы деді. Екінші ұсыныс - "өтпей қалсаң шулатпай-ақ қойшы" деді. Ол әлі Amanat-қа келмей тұрған кезім. Сол жерде әңгімелескен кезде бұл әңгіме ешқайда шықпасыншы деді. Ұсыныс болғанын айтамын, бірақ сіздерді айтпай-ақ қояйын дедім, - деді депутат.