$ 498.34  519.72  4.85

«Бақытты болсын!»: Желіде Димаштың бейтаныс аруға сөз салған суреті тарады

Осы қызбен ресторанда көргем, қызы шығар деп ойладым.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Биыл 30 жасын тойлаған Димаш Құдайбергеннің әлдебір аруға сақина ұсынып, қолынан ұстаған суреттері тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

TikTok әлеуметтік желісіне шыққан суреттерге көз жүгіртсек қазақтың Дарынды баласы Димаштың классикалық үлгіде шыттай болып киініп алып, белгісіз аруға қолы мен жүзігін ұсынып тұрғанын байқауға болады. Әзірше бұл суреттердің клип, жарнама немесе шынымен сөз салу екені белгісіз. Алайда желі оқырмандары сүйікті әншісіне бақыт тілеп, кейбірі Димашты ешкімге қимайтынын жарыса жазған.

"Шын ба? Біздің періштеміз үйленгелі жатыр ма?", "Осы қызбен ресторанда көргем, қызы шығар деп ойладым. Бақытты болсын!", "Қазақ па екен?", "Қыз нәзік әрі әдемі екен", "Аллам осы баланы үйлендірсе екен", "Шүкір, Димаштан жақсы жаңалық естідік", деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ыстанбұлда жеке концертін бергенін жазған едік

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 90
Ұнамайды 1
Күлкілі 6
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары