Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды.
Бұдан бұрын "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген экс-күйеуінен таяқ жегенін айтып видео жариялаған. Әлгі видеода оның бет-аузы қанап, бас киімі қан-қан болғаны көрінеді. Енді осы видеоға қатысты оның экс-күйеуі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша бұрынғы әйелімен көлікте келе жатқанда екеуінің арасында жанжал туындаған.
"Тарап жатқан видеоға қатысты айтайын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған адаммын. Әйеліммен екі жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Бұрынғы келіншегім видео салыпты. Сол жайында айта кетейін. Ешқандай қоспасыз, бояусыз, жігітше бар шындықты айтамын. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оған бүкіл әлем қарсы. Мені тиран деп айыптап жатыр екен. Негізі мен өзімді ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адаммын. Сол видео түсірілген күн туралы айтайын. Бұрынғы келіншегім қасымда болды. Мен көлік жүргізіп келе жатырмын. Көлікте екеуміз ғана болдық. Арамызда келіспеушілік болып, ол айқайға салды. Мен барынша бұл жанжалды тоқтатуға тырыстым. Мен оны ұрған жоқпын. Қолыммен "қойшы болды" дегенде қолым мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Ер адам болған соң, ашуға бой алдырдым. Күндізгі уақыт еді. Мен мешітке кіріп кеткен кезде ол видео түсіріп алыпты. Сол бейнежазбаны соншама уақыт бойы не үшін сақтағанын түсінбедім. Ол үш жарым жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кезде балдызымнан ұят болды. Одан кешірім сұрадым. Келіншегім екеуміз де бірнеше күннен соң татуласып, жақсы өмірімізді сүріп жатқан едік. Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды", - деді әнші.
Оқи отырыңыз:
«5 жыл бойы таяқ жедім»: Үш баламен ажырасқан журналист-блогер жан сырын ақтарды
«Есін жиса түсінер, санаңа берсін»: «Меломеннің» әншісі әйеліне жауап берді
«Хайпер келіншек»: «Меломен» тобының жігіттері басы дауға қалған топ мүшесін ақтады
«Айтуға құқылымын!»: Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі жанайқайын жеткізді