$ 479.38  531.63  5.27

«Арзан нәрсені менсінбеймін»: Дариға Бадықова қымбат мүлігін көрсетті

Өнер иесі нарықтағы бағасы 90 миллион теңге тұратын Cadillac автокөлігін сатып алды. 

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Отандық актриса, продюсер Дариға Бадықова салоннан су жаңа көлікке ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі нарықтағы бағасы 90 миллион теңге тұратын Cadillac автокөлігін сатып алды. 

“Өмірімдегі жаңалықты айтпауға тырысамын. Ешкімге көрсетпеймін де. Адал еңбектің арқасы деп көрсетіп отырғаным ғой. Шығарудың бір себебі бір шешімге келдім. Тозғанша, бұйырғанша жүргіземін деген ниетім бар”, – деп жазды актриса.

Айта кетейік, өнер иесі бренд қуып, трендтен қалғысы келмейтінін жасырмаған еді. 

"Менің табиғатым элегантностты қалайды. Вульгарный киім, дешевый шаш, сырға дегендерді қаламайды екен. Кеше қызық жағдай болды. Жандүнием арзан нәрселерді менсінбеді. Менсінбеймін все деді. Бұл менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар қайдасыздар?",– деген еді киножұлдыз. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 29
Күлкілі 41
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары