$ 481.84  531.33  5.07

«Ақталды, артынша қайта сотталды»: Белгілі блогер Думан Ерқанат қамауға алынды

Сот процесі жабық режимде өтті.

Фото: duman_neo инстаграм парақшасынан
Фото: duman_neo инстаграм парақшасынан

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласында трейдер,  блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Жоғарғы сот мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот процесі жабық режимде өтті.

Мәлім болғандай, бұған дейін өткен бірінші соттың үкімімен Думан қыз зорлады деген күдікпен айыпталып, кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Думанның кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады, - делінген сот хабарламасында.

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.

Қыз зорлады деген күдікке ілінген блогер бірнеше күн бұрын instagram-дағы парақшасына жазба жариялап, жазылушыларына мән-жайды түсіндіргісі келетінін жеткізген еді. Оның айтуынша, 2022 жылдың 4 желтоқсанында түнгі  22.30 шамасында қыздың өзі хабарласып, не істеп жатқанын сұраған. Фильм қарап жатқанын айтқан блогерге қыз келетінін жазып, бірден көлігімен үйіне өзі келген. 22.50 шамасында Думанға өз еркімен жетіп келген бойжеткен төсекке ыңғай танытып, қалауын білдірген. Алайда, арада екі сағат өткеннен кейін бойжеткен полицияға «мені зорлады» деп шағымданып, блогерден қомақты қаражат талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары