$ 480.55  533.75  5.36

«Жастық та өтіп барады»: Роза Әлқожа 43 жасын ерекше атап өтпек (ВИДЕО)

Эстрада жұлдызы видео астына әннің сөзін де жазып қалдырды.

Фото: instagram.com/roza_alqozha/
Фото: instagram.com/roza_alqozha/

Жуырда эстрада жұлдызы Роза Әлқожаның жаңа әні жарыққа шығады. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің жаңа туындысы "Қайран, жастық!" деп аталады. Роза Әлқожа биыл дәл осындай атаумен шығармашылық кеш ұйымдастырғалы жатыр.

 "Жақында жаңа ән жарыққа шығады! "Қайран, жастық!" Осындай атпен жеке шығармашылық кеш бермекпін. Биыл 43-ке толады екенмін. Алла қаласа, жастық та өтіп барады өз орнымен. Енді әже болуға, немереге ән арнауға бұйыртсын!", - деді ол.

Эстрада жұлдызы видео астына әннің сөзін де жазып қалдырды.

ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ

Айтпаған әнім қалды -
Домбыра шанағында.
Көрмеген сәнім қалды -
Тірліктің талабында.

Шықпаған жаным қалды -
Сөнбеудің амалында.
Жүрмеген жолдар қалды -
Жылдардың жанарында!..

Қайырмасы:
Қайраңда қайраңдаған, қайран, жастық,
Өкініп, опынсаң да қайырылмас түк.
Сырыңды таңға айтатын досың қайда,
Пайғамбар қоспап па еді айырылмас қып?!.

Өлмейтін сезім қалар -
Үміттің үлесінде.
Көнбейтін кезің қалар -
Күйбеңнің күресінде.

Бітпейтін төзім қалар -
Байланған бір есімге.
Өзіңмен өзің қалар
Кез келер білесің бе?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары