$ 479.38  531.63  5.27

«Көкіректі кесіп, аяқтан төрт тамыр алып жалғады»: Сәбит Әбдіхалықов өлімнен аман қалғанын айтты

Осы күнге дейін мән бермей, күтінбей жүре беріппін.

Фото: YouTube/Уақыт көрсетеді
Фото: YouTube/Уақыт көрсетеді

Белгілі актер, сатирик Сәбит Әбдіхалықов БазарLike бағдарламасында сұхбат беріп, кейінгі кезде денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жиі түсіп жүргенін жасырмай айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актердің айтуынша, денсаулыққа салғырт қарамай, уақытылы мән берген дұрыс. 

“2016 жылы инфаркт алдым. Сол дертпен әлі күресіп келемін. Жүрегіме 4 жылда 5 стент қойдырдым. Инфаркт кезінде 99 пайызға дейін тамыр бітеледі. Инфаркт болғанда қазір жап-жас жігіттер қайтыс болып кетеді ғой. Солар "көкірегі ауырды деп оянбай қалды, жүріп кетті" дейді. Құрметті көрермендер, көкірек тұсы ауыра бастаса, оған мән беріңіздер! Жедел жәрдем күтпей, өздерің-ақ ауруханаға жүгіріңдер! Менің жағдайымда көкіректі кесіп, жүректі демалтып, жуып-тазалап, ішіндегі жаман нәрселерді алып тастап, аяқтан төрт тамыр алып жалғады. Сөйтіп қайта жауып қойды. Құдайға шүкір, қазір күтіну керек. Осы күнге дейін мән бермей, күтінбей жүре беріппін. Бір өлімнен аман қалдым", – деді актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары