$ 494.87  520.65  4.91

«Біз тоқтамаймыз, бәрі алда»: KeshYOU тобының менеджері оларды сынаған жұртқа жауап берді

Қатты ұялсаңыздар, төбелеріңе шығарып қойыңыздар.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

KeshYOU тобының менеджері Ләззат Баубек оюы бар ашық образбен шыққан әншілерді сынағандарға жауап берді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Менеджер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.

Ою деген тек баста тұратын өрнек па? Неге онда оюланған көрпешенің үстіне жамбаспен (көтпен) отырасыңдар? Әжелеріміз киетін мәсі аяқ киім неге оюмен жасалған? Егер ол жерде басылып жүретін болса... Шапанның артында, етегінде, жамбасында неге ою бар? Қазақстанан шығатын арақ, шараптың бәріне неге оюды белгілеген? Менің айтпағым, біткен іске сыншы болған сымақтар, ең бірінші өздеріңізді түзеңіздер. Өзіңмен күрес. Қатты ұялсаңыздар, үлгі етіп үйлеріңіздегі оюлы кілем, киіз, аяқ киім бәрін осыдан былай төбелеріңе шығарып қойыңыздар. Бәлкім одан кейін бізге үлгі боларсыздар. Біз тоқтамаймыз, бәрі алда, - деп жазды ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ою-өрнегімізді қор қылды»: Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 63
Күлкілі 14
Ашулы 70

Серіктес жаңалықтары