$ 478.96  533.03  5.22

«Астан-кестеңі шығып жатыр»: Қазан-ошақтың басында жүрген Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

«Қасқа» деп оралдықтармен көп араласқасын әлі айтып қаламын, айып етпеңіздер!

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова ет асып, қазан-ошақтың басында жүр. Әнші атағы жер жарып тұрғанына қарамастан, ешқашан аспаз жалдап, қонақ шақырып көрмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келіп, қызы оқу бітіріп, сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын. Үйіме кіргізе алмай отырмын. Астан-кестеңі шығып жатыр. Шымкентте оқып бітіргесін, көбіне «әпше, өлә» деп айта беремін. «Қасқа» деп оралдықтармен көп араласқасын әлі айтып қаламын, айып етпеңіздер. Өмірімде аспаз жалдап, қонақ шақырып көрмеппін. Өзімнің үлкен әпкем тамақты керемет дайындайды. Сол кісіге сенемін. Бүгін қазан-ошақтың басында өзім жүрмін», – деді әнші.

Халық әртісінің қарапайым болмысына көпшілік риза болып, қолдау білдірді.

«Қазаныңыз оттан түспесін, құда келсін енді шаңырағыңызға», «Нағыз қазақи келіншек болып жүрсіз», – деп әншінің желідегі оқырмандары жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 35
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары