Шок болып отырмын. Алимент пе, әлде коммуналдық қызметтер ме?
5 жыл бойы бұрынғы жолдасы, "Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтан таяқ жедім деген блогер Нұрила Ақберген ажырасқаннан кейін ер адамдардың балаға жауапкершілік алмайтыны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде шу болған даулы мәлімдемелерден кейін экс күйеуі балалардың алименті деп ақша аударған.
«Әрине, рахмет» деп осыған да шүкір еткен блогер бұрынғы күйеуі 130 000 теңгені аудару үшін осынша резонанс жасау керек пе еді, сонда өздігімен жауапкершілік сезініп беруіне болмас па еді дегенге саятын ойларын оқырманымен бөлісті.
130 мың теңге. "Шок болып отырмын. Алимент па әлде коммуналдық қызметтер ме? Неге осындай резонанстан кейін ғана алимент деп салу керек?!
Бала деген ортақ қой. Әкемін деген адам балаларының жағдайын ойлап, неге өзі мән бермейді? Әкелер жауапкершілік алу үшін осындай резонанс жасауымыз керек пе? Мен оны қаламаймын. Бірнеше ай бойы орындалмаған іс насырға шауып, жарықты өшіретін болған соң ғана осылай "алимент" деп ақысын салады. Әрине, рақмет. Осындай жауапкершілік алу үшін халықтың алдына шығып, осылай айтуым керек пе еді, – деп жазды блогер.
Блогердің айтуынша, екі жыл бойы балаларына алимент сұрамаған көрінеді.
Үш баламен ажырасып, екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін, балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміміз осы болған. Одан кейін мүмкіндігінше ақшасы артық қалып жатса, беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болғасын, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Кейінгі кезде “алиментке өтініш беремін-ау” деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрі заң жүзінде болғанын қалаймын, – деген еді Нұрилла Ақберен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «5 жыл бойы таяқ жедім»: Үш баламен ажырасқан журналист-блогер жан сырын ақтарды
«Есін жиса түсінер, санаңа берсін»: «Меломеннің» әншісі әйеліне жауап берді
«Әйелімді ұрған жоқпын, қолым мұрнына тиіп кетті» – «Меломеннің» әншісі (ВИДЕО)