Блогер екі жылда бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді.
Қоғамда біраз шу тудырған бұрынғы ерлі-зайыптылар "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы мен журналист-блогер Нұрилла Ақбергеннің тартысы жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін танымал журналист әрі бьютиблогер Нұрила Ақберген экс-күйеуінің екі жылда бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді.
Оған әнші де көп күттірмей парақшасында екіойлы мақал жариялады.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді. Жақсы мақал екен, - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің бұрынғы әйеліне жасаған қылығына қатысты біраз сын жазып, блогерді қолдады.
"Факт - ұрдыңыз, 1045 өлең шығарып ақталсаңыз да", "бітті, сендердің дәуірлерің", "байкот", "имандымын дейсіңдер, имандарың әйелге қол көтеруді ақтап тұрса, онда ол сендердің түсініктерің мен имандарың" деп жазды олар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Резонанс жасауымыз керек пе?»: «Меломен» тобының әншісі бұрынғы әйеліне алғаш рет алимент төледі