Көп нәрсені әлі де үйрену керек екен.
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева үй тірлігіне араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол үй тірлігін ұршықша үйіріп, үлгеріп жүретін қыз-келіншектерге қызыға қарайтынын жасырмады.
Кеш жарық достар! Мына фотоға кәдігімгі үй шаруасына пысық айел болып түсейінші деп едім, болмай қалған сияқты. Барлық шаруаға үлгеретін пысық келіншектерге қарап қызығамы. Негізі үй шаруасына қатысты көп нәрсені әлі де үйрену керек екен. Себебі керек… Сіздер ше? Үй шаруасына пысықсыздар ма?, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары ағынан жарылған әншінің бұл қылығын таңданыспен қабылдады.
“Үй тірлігін істейтін адам жалдап, өзіңіз сахнада жүре беріңіз”, “Осы жасқа дейін үй шаруасына икемі жоқ әйел бола ма екен", "Неге керек екен? Тұрмысқа шығайын деп жатырсыз ба?", "Сізде пысықсыз ғой", “Үйге де, балаға да, күйеуге де қарап, үлгеріп жатырмыз”, "Үйренерім көп деп мойындау да ерлік. Үйренудің еш кеші жоқ", "Демек тағы да отбасылы болу ойыңызда бар болып тұр ғой", – деп жазып жатыр көпшілік.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Димаштан асып түсетін жастар тәрбиелеймін» – Айгүл Иманбаева
«Мына кісіге не болған?»: Айгүл Иманбаеваны жұрт танымай қалды (ВИДЕО)
«50 жасар студентіміз»: Белгілі журналист «Болашақпен» оқып келген Айгүл Иманбаеваны сынады