$ 481.84  531.33  5.07

«Өзіңізді пәк сүйемін»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрынғы жазған хаттарын жариялады

Азды-көпті жұмсақ аялайтын, Құдай қосқан жарыңыз Закуша. 

Фото: stan.kz коллажы
Фото: stan.kz коллажы

Жазбадан бұл хаттар 2002 жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жазылғанын байқауға болады.

Елдің сүйіп тыңдайтын әншісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрын жазған сезімге толы хаттарын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен хаттардың 2002 жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жазылғанын және қыздары Мерейдің сәби кезіндегі суретін байқауға болады.

Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, аса қымбатты да қадірлі қызымыз Мерей! Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті де бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар мамаң – Мақпал, папаң – Заманбек. 31.12.2002 – 1.01.2003 жылға, - деп жазылған хатта.

Ал екінші хатта сүйікті жарына тілегін арнаған.

Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, ең сүйкімді де сүйікті қызым Мерейдің ең сұлу, ең көркем мамасы Жануля! Періште тәрізді, нәзік мінезді, тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін, азды-көпті жұмсақ аялайтын, Құдай қосқан жарыңыз Закуша, - деп жазған Заманбек Нұрқаділов.

 

Сондай-ақ әнші марқұм жолдасымен Нью Йоркте бірге түскен суретін жариялады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Астан-кестеңі шығып жатыр»: Қазан-ошақтың басында жүрген Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

«Зәкең салдырған ғой»: Мақпал Жүнісова төрт қабатты зәулім үйін жөндеп жатқанын айтты (ВИДЕО)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 35
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары