$ 494.87  520.65  4.91

«Зәкең салдырған ғой»: Мақпал Жүнісова төрт қабатты зәулім үйін жөндеп жатқанын айтты (ВИДЕО)

Екі жылда бір рет әктеп алатын едім, осы жолы бәрін жаңалайын деп отырмын.

Фото: Жұлдыздар отбасы
Фото: Жұлдыздар отбасы

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзі тұратын төрт қабатты үйіне құрылыс жұмыстарын бастағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Үйім күшті болып көрінетін өзіме, сөйтсем бәрі шіріп кетіпті. Беті ғана жылтырып тұр екен. Екінші қабаттағы дәретханадан су кетіп, төбеге жайылған. Алла сабыр берсін. Жігіттер бәрін талқандап тастапты. Зәкең салдырған ғой, астыңғы қабат сауна, кір жуатын бөлме,т рубалар толған бір бөлме, спорт бөлмесі, төртінші қабатта менің студиям бар. Туысқан көп келетін болғандықтан, бұл үйде отырғаным дұрыс. Екі жылда бір рет әктеп алатын едім, осы жолы бәрін жаңалайын деп отырмын. Құрылыс біткенше ұйқы жоқ қой. Қыркүйектің ортасына қарай бітіреміз деп уәдесін берді. Сосын сыртын жасайды”, – деп айтты халық әртісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 4
Күлкілі 5
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары