Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?!
Әнші Серік Ибрагимов қазақстандық әуе компаниясына ренжулі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ұшақтардың ұшу уақытынан кешігуі соңғы кезде жиі қайталанып жүргеніне ашуланды.
«Scat әуе компаниясы сендерге ренжідім. Не болды мына тірлік. Телефон тұтқасын көтермейсіздер! Жауапкершілік мүлдем жоқ. Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?! Scat-ты сотқа беретіндердің арасында енді мен де бармын. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Өте нашар әуе компания екенсіңдер», – деп жазды әнші.