$ 494.87  520.65  4.91

«Болашақ бойынша сені пайдаланды»: Журналист Гүлбану Әбенова Димашқа ақыл айтты (ВИДЕО)

Сені Саясат Нұрбек ғылым мен Болашақты жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкер Айбек Баруысовтың зауытына барған. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіге видео жариялаған. Мұны көрген журналист Гүлбану Әбенова Димашқа ақыл айта жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның пайымдауынша, Димашқа ұры және алаяқтармен байланысудың қажеті жоқ. Бұл туралы журналист Facebooк-тегі парақшасында жазды.

«Барысовтың Димаш Құдайбергенді брондалған көліктерді жинайтын зауытына шақырған видеосын оқырмандарым жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?

Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, осы ақ костюміңдей өз атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен Болашақты жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан халық бәрін де қабылдайды, себебі, саған сенеді. Саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек. Мәселен, мына кісі мемлекеттен 4,7 млрд алып, жұмыс техникасын орнына қоймай, жауынгерлік модульдерді ауыстырмақ болды ма?

Айбек Барысов 4,7 млрд халық ақшасын алып, осы ақшаға ақаулы техниканы жинап, мемлекетке жеткізді. Әрі қарай ол ақауы бар техникасын қабылдау үшін мемлекеттік органды сотқа берді. Бірақ ұтылып қалды. Ол енді мемлекет пен Қазақстан халқына 4,7 млрд. теңге және 146 млн. мемлекеттік бажды төлеуге тиіс. Әйтсе де бір жылдан астам уақыт өтті, ол халықтың ақшасын мемлекетке қайтармады. 1 жылдан аса уақыт өтті халықтың ақшасын мемлекетке қайтарар емес. Қайтарғысы келмейді немесе қайтаратын ақшасы жоқ. Сондықтан жемқорлар оның техникасын қабылдамай жатыр деген халықтың пікірін өзіне қарату үшін пиармен айналысып жатқандай...

Димаш, сен жұлдызсың! Олардың деңгейіне түспе!», — деп жазды Гүлбану Әбенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары