$ 494.87  520.65  4.91

«Диагнозы өте ауыр»: Фариза Төреәлінің оқырмандары 5 сағатта 30 млн теңге жинады

Балалары анасын сағынып жүр. 7 күнде 40 млн теңге операциясына табу керек болып тұр.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Таяуда блогер Фариза Төреәлі жақынының еміне қыруар қаражат қажет екенін айтып, желідегі оқырмандарынан көмек сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал оның желідегі оқырмандары 5 сағаттың ішінде 30 млн теңге жинаған. Бұл туралы Фариза Төрелі желідегі парақшасында мәлімет жариялады.

Ол 7 күнде 40 млн теңге жинау керек екенін мәлімдеген. Әйтсе де желі жұлдызының оқырмандары небәрі 5 минутта 1 млн теңге, 2 сағатта 15 млн теңге, 5 сағатта 30 млн теңге жинап берген.

«Мен сбор мүлде жасамаймын білесіздер. Алдыңғы жолы алғаш рет жасап күзетгі апаға оқырмандар болып жиналып жарты күнде 20 миллион теңге жинап үй алып берген едік. Бұл жолы жақыным денсаулықпен сыналып жатыр. Жақын адамыңның бұндай хәлге түсуін көру жүрекке қатты батады. Диагнозы өте ауыр. Өзі екі баланың анасы. Балалары анасын сағынып жүр. 7 күнде 40 млн теңге операциясына табу керек болып тұр»,  – деп жазды блогер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары