$ 480.55  533.75  5.36

Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі не туралы

«Бұл махаббат» әнін Оскардың музыкалық төрешісі Натан Ванг жазған.

Фото: www.vokrug.tv
Фото: www.vokrug.tv

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі «Аңыз» прокатқа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Бұл махаббат» саундтрегі шырқалады. Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде шықты, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны жайында баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін байқайды...

«Бұл махаббат» әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән - Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.

2020 жылы Димаш «Авангард» фильміне «Бақытты» саундтрегін орындады.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары