$ 495.2  522.34  4.94

«Аллаға тапсырамыз»: Ерке Есмахан «күйеуі көзіне шөп салып жүр» деген қауесеттің нүктесін қойды

Жазасын берер.

Фото: instagram.com/Erke_esmahan
Фото: instagram.com/Erke_esmahan

Ерке Есмаханның оқырманы "күйеуі Raim өзінің көзіне шөп салып жүр" деген "хабарды" жеткізді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің оқырманы "TikTok деген бәле болды, Райм Еркенің көзіне шөп салыпты деп жатыр", - деп сұраған.

Ерке Есмахан бұл сұраққа жауап берді.

"Бұл TikTok Ерке Есмахан өлді, иманды болсын деп жариялады. Баламды, Құдай сақтасын, шетінеді деп жариялады. Енді Райм көзге шөп салды деген шығып жатыр екен, не дейміз? Неге біздің жанұяға бірдеңе боп қалғанын қалайды екен олар?! Аллаға тапсырамыз, басқа амал жоқ. Жазасын берер. Бізде TikTok жоқ, бірақ достарымыз көрсетті. Қаралым, рекке шығу үшін бүлініп жүргендері-ау. Осы тұста айта кетейін. Райм аман-есен, ешқандай шөп салған жоқ. Мен кепіл", - деді әншінің өзі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 5
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары