Дүние тозса да, өзің тозба.
Әнші Төреғали Төреәлінің ата-анасы келіні Толқынға құны шамамен 7 млн теңге болатын Cartier брендінен білезік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отбасы жуырда ғана 6-шы сәбиін босанған Толқынды қуанту сәтінде түсірілген видеоны желіге жариялады.
«Келінімізге бұған дейін көлік сыйладық. Енді туған күніне әрі ТөреАхметті дүниеге әкелгеніне Төреш үшеуміз бір сыйлық алдық. Мен таңдадым, ұната ма ұнатпай ма көреміз. Дүние тозса да, өзің тозба», – деді Төреғалидың анасы.
Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары Толқынға ақ тілегін жаудырды.
«Енесі де, келіні де керемет жандар», «Толқын енесін анасынан артық жақсы көретін сияқты», «Осындай келінді бағалаған отбасыға рақмет» деп жазды көпшілік.