«Қыз-ау» деп қойсаңыздар болады».
Мақпал Жүнісова өзін кемпір деп атайтындарға ренішін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Халықтың сүйікті әншісі тіпті, бұл ренішіне түсініктеме берді.
«Бізге біреулер кемпір деп айтып жатады. Жалпы, кемпір деген сөзді қыздарға айтпаған. Кемпір деп өзінің шалы ғана айтады. «Әй, кемпірім, қалың қалай?» дейді. Жалпы, күйеуі жоқ қыздарға кемпір деп айтуға болмайды. «Қыз-ау» деп қойсаңыздар болады», – деп күліп жіберді әнші.