#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Балалар намаз үйренсе екен»: Сара Тоқтамысова туған ауылына мешіт салып берді (ВИДЕО)

«Мешіттің ашылуын тура осы күндерге қояйық, сырттан келетін әнші-ақындар көріп кетеді» деген ақылшылар көп болды.

Фото: instagram.com/sarkanai
Фото: instagram.com/sarkanai

Айтыскер Сара Тоқтамысова туған өңірі Абай облысы, Аққала ауылына мешіт салып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал ақынның айтуынша, ол бұл мешітті атын шығару үшін салмаған. Жалпы, мешіт құрылысына аға-әпкелері мен достары да көмектескен.

«Көңілім босап отыр. Ауылға жеттік. Құрылыстан кейінгі мешіті өзім де бірінші рет көріп отырмын. Бір бұрышында отырып, жылап қалдым. Алла қасиетті үйіңді салғызуға мүмкіндік бергеніңе, шүкір! Мейірімді Алла кішкентай арманымды орындағаныңа шүкір! Ешқашан азан үні естілмеген ауылымнан күмбезін жарқыратып мешіт соғуға себепкер қылғаныңа шүкір. Отағасы Есіліме мың алғыс. Ең бірінші сол кісіден туған ұсыныс. Төбемде Алла көріп тұр. «Еліңнің батасын алдың, ата-анаң да осы ауылдан шықты. Біздің ауылдарда қос-қостан мешіт бар. Сенің ауылыңа бір мешіт бастайық, өз ретімен болады» деген жан-жарымның сөздері одан сайын шабыт берді», – деп жазды ақын.

Ақынның жазуынша,  мешіттің ашылу салтанатын Ақсуат өңірінде болып жатқан дүбірлі тоймен бірге жасауға қарсылық танытқан.

«Ақсуатта 3 күн қатарынан дүбірлі той өтіпті. «Мешіттің ашылуын тура осы күндерге қояйық, сырттан келетін әнші-ақындар көріп кетеді» деген ақылшылар көп болды. Бас тарттым. Себебі мешітті мақтану үшін, мақтан үшін ашып жатқанымыз жоқ. Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін. Менің ниетім ауылым қуанса болды. Мешіт салынған жерге Алла береке беріп қояды дейді. Ауылым берекелі ауылға айналса екен деп армандаймын. Ниетім осы мешітті ашып берсек, балалар намаз үйренсе екен деймін. Үлкендер құбыланы тауып, иманға жақындаса деймін. Дәл жолдың бойында орналасқан. Өткен-кеткен жолаушы маңдайын сәждеге тигізсе деймін», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 12
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары