Темір іш киім киіп алшы, өтініш, жарай ма?
Жуырда жас әнші Ұланғасыр Қамидың «әйеліме хиджаб кигіземін, хиджабқа көнетін әйелді аламын» деген сөзі желіде тараған еді. Осыған байланысты танымал продюсер Баян Алагөзова пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, жас әншінің бұл сөзі «қараңғылық пен түк көрмегендік».
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әйелін өлтіріп қойды» дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен»: Әншінің сөзі желіде дау тудырды (ВИДЕО)
«Түк көрмегендік пен қараңғылық қалыпты жағдайға айналып барады. Темір іш киім киіп алшы, өтініш, жарай ма?», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.