$ 480.55  533.75  5.36

Ақсуатта халқы Төреғали Төреәліні он сағат бойы тік тұрып күткен

25 мың халық 20.00-ден бастап күтті.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Таяуда әнші Төреғали Төреәліні ақсуаттықтар он сағат бойы тікесінен тік тұрып күткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, Төреғали Төреәлі Ақсуат қаласында жеке концертін өткізген. Бірақ шоу-бизнес өкілі тыңдармандарын 10 сағат күттіріп қойған.

«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуатта өткен концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын!», – деп жазды әнші.

Ал Қазақстан эстрадасының жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін ашық  мойындады.

«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деп жазды желіде әншінің бір оқырманы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 14
Күлкілі 3
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары