$ 494.87  520.65  4.91

10 млн теңге: Ninety One әншісі қай ұсыныстан бас тартқаны үшін өкінетінін айтты

Бәрін айырбастап жіберуге дайын болмадық.

Атышулы Ninety One әншісі Батырхан Мәліков топтың алғаш құрылған кезін еске алып, қандай үлкен мүмкіндіктен бас тартқанын айтты. Өнер иесі сол кезде қатты өкінгенін жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Батырхан Мәліков атышулы топқа келгенде қаржылық жағына көп араласпағанын айтты. Келісімшартқа сәйкес, Ninety One той-томалақтарда өнер көрсетпейтін. Алайда әнші соның өзінде қомақты қаржы ұсынып, қуанышында ән айтуға шақырғандар болғанын жасырмады. "Біз қаражат, тапсырыс жағына көп араласпайтынбыз. Бірақ бір оқиға есімде. Бізді Дубайға біреудің туған күніне шақырған. 10 миллион теңге береміз деді. Ол кезде ондай гонорар болмайтын. 2017 жылы 10 млн теңге деген өте көп болды. Ішіміз ашыды, жасырмаймын. Бірақ осы уақытқа дейін принциппен қызмет етіп келе жатып, 10 миллионға бәрін айырбастап жіберуге дайын болмадық", - деді әнші "Ащы шоу" бағдарламасында.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары