$ 494.87  520.65  4.91

Байұлының Тазы: Баян Мақсатқызы күйеуінің таза қазақ екенін айтты

Сөз басында продюсер неліктен енесін атымен атайтынын түсіндіріп өтті. 

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қайын атасы, яғни Тұрсен Алагөзовтың әкесімен әңгімесін әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баян Мақсатқызы анасының үйіне қонаққа келген қайынатасына руы жайлы сұрақ қойды. Сөз басында продюсер неліктен енесін атымен атайтынын түсіндіріп өтті.

Композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзовтің бірінші әйелі, Тұрсеннің туған анасы 26 жыл бұрын қайтыс болған. Қазіргі жұбайы оның екінші әйелі. Баян Мақсатқызы осы себепті енесін атымен атайтынын жеткізді.

«Мен білемін, бірақ басқалар білмейді» деп түсіндіріп өткен Баян  Мақсатқызының  «руыңыз кім?» деген сұрағына қайын атасы «Байұлының Тазы» деп жауап қатты. «Таза қазақ» деп толықтырды продюсер.

Сондай-ақ Тұрым Алагөзов Тұрсеннің толық аты Тұрсынғали екенін, документте Тұрсен деп жазылып кеткенін айтып өтті.

"Маған кім не жазбады" деп бір күліп алған Баян Мақсатқызы "Сонымен менің күйеуім Тұрсынғали таза қазақ, руы Таз, он екі ата Байұлы", - деп сөзін түйіндеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызы өзіне қалай ғашық еткенін айтты

«Үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым»: Баян Мақсатқызы қазіргі жолдасымен таныстығы жайлы айтты

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 16
Күлкілі 13
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары