$ 494.87  520.65  4.91

«Тақыр қылып алып тастаған»: Ерке Есмахан шашы биттеп «байып кеткенін» айтты

«Бастың сіркелеуі – байлықтың белгісі».

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан тыңдармандарын тағы да елең еткізді. Бұл жолы олы басынан өткен оқиға туралы жазып, желідегі оқырмандарын күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке», – деп жазды Ерке Есмахан желідегі парақшасында.

Ал әншінің оқырмандарының бірі «Бастың сіркелеуі – байлықтың белгісі» деп жақсылыққа балады. Әнші оқырманының пікірін жауапсыз қалдырмады.

«Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады екен. Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар», – деп кекесін білдірді Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 46
Күлкілі 47
Ашулы 93

Серіктес жаңалықтары