#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Мазамыз қашты»: Айнұр Тұрсынбаева көрген түсінің өңінде орындалатынын айтты

Ағыбай батырдың 200 жылдық тойы өтті. Жолда пойызда кетіп бара жатып түс көрдім. 

Фото: instagram.com/aidyn_nury
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева көрген түсінің өңінде орындалатыны туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Айтыс сахнасында 30 жыл жүрдім. Бірақ түсті сирек көремін... Есімде қалған 3-4 түсімді айтып берейін... Осыдан 25 жылдай уақыт бұрын Балқашқа айтысқа шақырылдым... Қателеспесем, Ағыбай батырдың 200 жылдық тойы өтті. Жолда пойызда кетіп бара жатып түс көрдім. Түсімде біреу маған алтын сырғаның бір жағын ғана сыйлап жатыр. «Мен мұның жалғыз өзін таға алмаймын ғой, мұны не істесем екен» деп ойланып жатып оянып кетіппін. Сол айтыста бас жүлдені Аманжол Әлтай ағаға бөлістім. Яғни бір машинаны екеумізге ақшалай бөліп берді», – деп жазды айтыскер ақын.

Қыз-келіншектерге ақыл айтып жүрген Тұрсынбаева тіпті, түсінде құрбысы бүкіл алтындарын тағып алғанын да жайып салды.

«Бір күні түсімде бір құрбымды көремін. Менің алтындарымды тағып алыпты. Бірақ мен қуанып тұрмын. Менде басқасы бар ғой деген болармын, білмеймін. Шынында ол уақыттарда көп алтыным жоқ еді. Сәл уақыттан соң Созаққа айтысқа шақырту алдым. Бардым, айтыстым. Бас жүлде аппақ жигулиді ұтып алдым. Негізі сол ауылдың баласы Қалижан да керемет айтысқан. Бірақ мені алыстан келген қонақ деп сыйлаған болуы керек, халық керемет қошеметтеп, көлікті маған берді. Мен Қалижанға беріп кеттім. Бергеніме қатты қуандым. Содан кейін Қармақшыға айтысқа бардым. Сол Қармақшы халқының қошеметі әлі есімде. Бірақ бізді жатақханаға жатқызды. Дәретхана далада, бөлме қапырық дегендей, мазамыз қашты. Сол жерде түс көрдім. Түсімде көшеден алтын жүзік тауып алыппын, тағып көрсем тұп-тура. Сол айтысқа тігілген әппақ машинаны мініп кеттім», – деп жазды айтыскер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 17
Күлкілі 12
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары