19.08.2024, 16:20

«8 жыл, 15 күн күттік»: Баян Алагөзова тағы балалы болды

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy

Тағы он бес күн ұзағырақ...

Танымал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзов екеуі тағы елді елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы продюсер Алма есімді қыздың ата-анасы болғанын жарияға жар салды.

«Біз сені сегіз жыл күттік, ал Алисадан тағы он бес күн ұзағырақ... Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы қызымыз дүниеге келді», – деп жазды продюсер.          

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Баян Мақсатқызы үшінші қызын дүниеге әкелді