Белгілі тележүргізуші сұқбатты бірден Иманбаеваның тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан бастады.
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жаңа фильмінің тұсаукесері алдында бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге сұқбат берді. Өнер иелері ортақ баласының тырнақалды туындысына бірге түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы ерлі-зайыпты еш қиындықсыз ұлының алғашқы фильміне түсіп, оның түсаукесері алдында Динара Сәтжанға бірге сұқбат берген.
Белгілі тележүргізуші сұқбатты бірден Иманбаеваның тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан бастады. Ол Сәбит Әбдіхалықовқа "Бұрынғы жолдасы ретінде екінші рет тұрмысқа шығуға рұқсат бердіңіз бе?" деген сұрақ қойды. Актер "батамды бердім" деп қысқа жауап қатты.
"Осыдан екі жыл бұрын туған күнін жасаған. Сол кезде тілек айтқанда "оқыттың, өнерге баулыдың, екі рет үйлендірдің, рақмет саған, мама" дедім. "Енді келесі тойыңда тілек айтайық. Күйеуге шығып, бақытты бол, сол қуанышыңа келейік" деп батамды бердім. Бірақ әлі тойға шақырмады", - деді актер.