15.09.2024, 06:07

«Ақшам жоқ, жұмыссыз болдым»: Танымал актрисаға күйеуі қымбат сыйлық берді (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/abay.asylkhan/

Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім.

Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен актриса Жанель Мақажанның отбасылы болғанына 3 жыл болды. Осыған орай, актрисаға күйеуі ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті достар! Бүгін біздің отау құрғанымызға 3 жыл толды. Жаным, мен сені құттықтаймын. Сен менің аманатымсың. Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім. Өйткені ақшам болған жоқ, шынымды айтайын. Мен ол кезде жұмыссыз болдым. Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. Маған тағы да тұрмысқа шығасың ба?», – деді Абай Асылхан.