$ 484.11  528.79  5.03

«Қазаққа тиген ешкім жоқ»: Ақжол Мейірбековтің әйелі ұлтын айтып, жолдасымен танысқан сәтін есіне алды

Өнер иесінің әйелі 50 жылға шегініс жасап, жолдасымен танысқан сәтін есіне алды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әйгілі “Дос-Мұқасан” тобының солисі, әнші марқұм Ақжол Мейірбековтің әйелі  “Астарлы ақиқат” бағдаралмасында 50 жыл отасқан жары марқұмды сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің әйелі 50 жылға шегініс жасап, жолдасымен танысқан сәтін есіне алды. 

“Менің ұлтым – өзбек. Ол кезде қазақ пен қазақ қана үйленетін. Бірақ Ақжол соны бұзып, менің әкемнің алдынан өтуге барды. Бірақ әкем “біздің әулетте қазаққа тиген ешкім жоқ” деп қайтарып жіберді. Содан ол кісі анасын алып келіп, құда түсті. Бірақ әкем келіскен жоқ. Сол кезде марқұм енем, “Онда алып қашамыз. Осы қыздан басқа ешкімді келін қылмаймын” депті. Ол кезде менің жасым – 18 де еді. 50 жыл отбасылық өмірдің ыстық-суығын бірге көрдік”, – деді Шәрипа Мейірбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 55
Ұнамайды 3
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары