$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Келінін қызындай көріп жүр»: Жазира Байырбекованың видеосы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Әнші видеоны оқырмандарына ұсынып, аруларға өз жақындарымен осындай видео түсіруге кеңес берді. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекованың келінімен бірге түскен видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Өнер иесі әдемі сәтті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші видеоны оқырмандарына ұсынып, аруларға өз жақындарымен осындай видео түсіруге кеңес берді.

«Арулармен бірге түсірген әдемі видеомызды сіздер де қайталап көріңіздер! Құрбыларыңызбен, сіңлілеріңізбен, қыздарыңызбен бірге түсіріп, бізді белгілеп қойыңыздар. Әдемі сәттеріңізді бірге бөлісейік! Гүлдей жайнап, әрдайым ару болып жүріңіздер!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, әнші мен келінінің қарым-қатынасына сүйсінгендерін жазды.

«Жаным сол, жүрегіңізден айналайын. Келінін қызындай көріп, еркелетіп жүргеніңіз қандай керемет», «Бар ерке қылығын көтеріп, анасына еркелеген түрі ай», «Қызыңыз сияқты, келініңіз емес, келініңізді қызыңыздай көреді екенсіз», «Өзі де, келіні де өте сұлу», «Келін – ененің топырағынан дегендей, келініңіз өзіңізге қатты ұқсайды екен», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0