$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Көктайғақ күтіледі»: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республикамыз бойынша жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. 

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 5 қазанға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дүйсенбіде "Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады деп күтіледі.

Республикамыз бойынша жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады, түнде және таңертең еліміздің басым бөлігі тұман түседі деп болжанады.

  • жоғары өрт қаупі - Атырау облысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының және Абай облысының солтүстігінде, орталығында.
  • төтенше өрт қаупі - Қызылорда облысында, Ұлытау облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстік-батысында. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0