$ 494.87  520.65  4.91

«Араға 9 жыл салып...»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)

Осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін!

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы әке атанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 162
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары