Осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін!
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы әке атанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.