$ 488.11  530.09  5.01

«Ертеңгі күнімді ойламаймын»: Мадина Сәдуақасова өзі туралы шындықты жайып салды

Осы күнге дейін қаржы жинап көрмегенмін.

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Белгілі әнші, “Құрмет” орденінің иегері Мадина Сәдуақасова қаржылық сауатқа қатысты жеке ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Осы күнге дейін қаржы жинап көрмегенмін. Басқа әріптестерім секілді қосымша бизнес ашып, түрлі үй алып көрмеппін. Жалып, мен ертеңгі күнімді ойламайтын адаммын. Осы туған күнімнен кейін ойлана бастадым. Әншіліктен басқа қосымша табыс жоқ екен. Депозитке ақша жинаймын деймін, бірақ жарата беремін. Клип түсіруге, көйлек тігуге керек болады. Сол кезде депозиттегі ақшаны шешіп аламын. Шығармашылықтың адамы болғасын түрлі көңіл күйде жүресің. “Әншілікті тастап кеткенде қайдан ақша табамын?” деп те ойлаймын. Қазір ақшаны шешіп ала алмайтын депозит іздеп жүрмін. Әйтпесе жинақ ақшамды жарататын әдетті қоя алмаймын”,  – деп ағынан жарылды әнші. 

Сонымен қатар ұлының болашағына да ақша аямайтынын жасырмады. Ұлы Әнуар ең қымбат мектепте білім алатын көрінеді. 

“Біздің әулет білімге ақша аямайды. Ұлымыз Әнуар 4-сыныпқа көшті. Сапалы білім алу үшін ең қымбат мектепке бердік. Таңғы 7-де кетеді, кешкі 6-да келеді. Балабақшаны да солай таңдаған едік. Қазір жасы 10-да болса да, әртүрлі салаға қызығады. Өзім өнер адамы болғандықтан, ұлымның да жолымды қуғанын қаладым. Бірақ ол мен түсінбейтін инженерия мен ІТ саласын айтады. Баламның болашағына ақша аяған емеспіз. Әкесі де үнемі қолдайды. Мектептен тыс репетитор жалдап, қосымша тағы білім алады. Біз бұрын шетелде білім алу дегенді ойламаппыз. Қазір түрлі мүмкіндік бар екен. Баламыздың шетелде оқығанын да қалаймыз. Оның бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Жазда білім грантының дауы ешкімді бей-жай қалдырмады. Соны көріп, болашақта тегін білім алу болмаса, қайтпек керек?!” деген ой да жоқ емес”, – деді әнші.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 6
Күлкілі 9
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары