Маған ештеңені жасырған ұнамайды.
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналардың гонорарын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес жұлдызы “Көреміз” бағдарламасына келіп, жұмсалған қаражатты бүкпесіз баяндап берді.
“Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі “одан көп бер” деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонарарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім. Өйткені ол суммалар мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді”, – деді продюсер.
Еске салайық, Баян Алагөзова суррогат аналардың ешбірімен кездеспегенін айтқан еді.
“Бізге суррогат ана арқылы балалы болуға ұсыныс айтқаннан кейін көп ойландық. Бірақ мен сол кезде-ақ: “Егер нәтижелі болып жатса, мен ешқашанда ол әйелмен кездеспеймін” дедім. Мен өте танымал адаммын. Болашақта ол маған немесе балаларыма тосынсый дайындамайтынына ешкім кепіл емес. Сондықтан ертеңімді ойлап, осындай шешім шығардым”, – деген болатын актриса.