Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.