$ 485.04  525.98  5.04

Желіге көз жастарыңды көлдетіп видео салмаңдаршы, жиіркенішті! – Меруерт Түсіпбаева

Сендер үшін мен ұяламын, жұрттан! Онсызда жетісіп жүрген адам жоқ! 

Фото: @meruert_tusupbaeva
Фото: @meruert_tusupbaeva

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева камераға қарап, егіле жылап, видео түсіретіндерді сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Көрмейін десем , көзім бар демекші… Пәлесінен аулақ жазбайын, айтпайын десем де болмайды. Ал оқыңыздар! Бүгін, Фб-те, өмірден баяғыда озып кеткен аңыз-әнші апамыздың келіні жылап (через фильтр) видео салыпты. Соткам көбіне дыбыссыз тұрады, мен оның неге жылап жатқанын, білгім де келген жоқ, сол үшін дыбысты қоспадым. Еее …бұл әйелде  #втренде болғысы келген шығар , оқырман жинағысы келген- ау, внимание жетіспейді ме, дееееп перелистнула ленту…Қыздар-ау! Осы кім болсаңда, желіге видео салып, ебіл-дебіл жылауды қойыңдаршы! Жиіркенішті! Қай жерден көріп, қай аталарыңнан естідіңдер, қазақтың қызының дүйім жұрт алдында егілгенін?!

Біздің аналарымыз басына қандай іс түссе де, сабырлық танытқан, көз жасын көл қылмаған ( Жаман ырымға балаған). Жар салып, жер тепкілеп, қиындықтарын жайып салмаған! Көз жастарыңды сорғалатып желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа , досыңа айт, есікті тас жауып, өзіңмен өзің жыла, тауға барып бар дауысыңмен айқайла, шарап іш! Білмеймін, трагедияны тұншықтыратын амал көп қой!

Құдай үшін, көз жастарыңды көл қылып, видео салмаңдаршы! Сендер үшін мен ұяламын, жұрттан! Онсызда жетісіп жүрген адам жоқ! Күліп жүрейікші, қыздар! Сырымызды ішімізде сары майдай сақтап, құпиялы-сырлы, загадка-әйел, мықты айел болып жүргенге не жетсін, шіркін!? Біздің проблемамыз кімге керек?! Ал  оқырман, жылауық құрбыларыңызды белгілеңіз…», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары