$ 494.87  520.65  4.91

«Қол-аяғын байлап алдыма әкеліңдер»: Жанар Айжанова атышулы Хасан туралы

Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой.

Фото: сериалдан скрин
Фото: сериалдан скрин

Белгілі әнші Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының жетекшісі делініп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Хасан деген адамды, суретке қашан, қай жылы түскенін білмейтінін айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

“Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды, интервью беріп сайрап отыр ғой, “жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын” деп, егер шын ақиқатты білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап әкеліңдерші менің аяғыма. Айтатынымды оған да айтам”, - дейді әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 8
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары