$ 495.2  522.34  4.94

«Айқайлап шықтым, бәрі шулап кетті»: Ернар Айдар қалай қиналғанын айтты

Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті.

Фото: instagram.com/ernaraidar_kz
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Танымал әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, 2017 жылғы жол апатынан кейін өмірі түбегейлі өзгерген.

"Күнім сен сөнбеші" деген әнімнен кейін табылды. Жол апатына түстім. Оған дейін бойдақтық өмір. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесін" деді.

Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", - деді Ернар Айдар "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары