Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.
Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуына арналған форум өтіп жатыр. Оған екі елдің туризм индустриясының 300-ден астам өкілі қатысты. Форум аясында Қытайдағы Қазақстан туризмінің жылы қорытындыланды.
Сондай-ақ, форум қатысушылары Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады.
Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.
«Киелі мекенім» жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.