$ 498.55  524.28  4.75

«Дүниені жалт қаратқан еді…»: Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Шөмішбай Сариевті еске алды

Әкеммен ұзақ әңгімелесетін. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм сазгер Шөмішбай Сариевті есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында “Қазақстан” концерт залында марқұмның шығармашылық еске алу кеші өткен болатын. 

"Дүниені жалт қаратқан еді… Шөмішбай Нағашыбайұлын бала күнімде жиі көретінмін. Әкеммен ұзақ әңгімелесетін. Кейде дауыстары дарылдап қатты шығып кететін, кейде тістері жарқырап күлетін. Есімде қалғаны екеуі амандасқанда, сосын қоштасқанда ұзақ тұрып құшақтасатын. Тау тұлғаның ұлылылығын бала болып түсіне алмадым ба, әлде тым кішкентай болдым ба білмеймін. Өткен апта Жұмагүл апам анашым екеумізге шақырту жіберіпті. Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған "Сағынышты Сарыарқа" атты концертке бардық. Бір үзік сіздерге де ұсынайын", – деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары