$ 514.93  536.04  5.18

«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты

Дана Есеева түрмеден адам қатты өзгеріп шығатынын алға тартты.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Отандық танымал блогер, дизайнер әрі кәсіпкер Дана Есеева күйеуі Мейіржан Төребаевтың түрмеден кейінгі өмірі туралы сыр шертті. Желі жұлдызы бүгінде абақтыда отырған жолдасына бұл сынақ үлкен тәжірибе болғанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Есеева түрмеден адам қатты өзгеріп шығатынын алға тартты. Сөзінше, ол бүгінде жолдасының бойынан да өзгерістерді байқаған.

"Негізі расында түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды. Адам ол жақтан не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгеріп шығады. Мейіржанның басынан өткен дүние ол үшін тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол жақсы жаққа өзгерген. Біз көп әңгімелесеміз, көрісеміз. Мен Мейіржанға қарап, менімен күніне 12 сағат сөйлесе алатын адамды көремін, ол барлық затқа соншалық тереңінен қарайтын болған. Яғни бұл тәжірибе оған жақсы көмектесті", - деді желі жұлдызы "Din Dina Show" бағдарламасына берген сұқбатында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары