Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз!
Танымал әнші Ayree жақында тұрмысқа шықпақ. Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеке парақшасында жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Мен “иә” дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз!Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!”, – деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызының таңдауы Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкерге түскен.
Айта кетейік, өнер иесі ғашығымен бірге Шанхай қаласына арнайы түсірілім жасау үшін барған. Алайда түсірілім барысында ойламаған жерден Ayree-дің сүйіктісі оның алдынан шығып, сақинасын ұсынды. Шоу-бизнес жұлдызы мұндай тосынсыйды мүлдем күтпей, көз жасына ерік берді.