Әзербайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз.
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген ұшақ апатынан зардап шеккендерге саулық тілеп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып желіде жазба жариялады. Сондай-ақ, әнші шұғыл көмек көрсетіп жатқан құтқарушылар мен дәрігерлерге алғыс айтқан7
"Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзербайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы оқиға орын алды. Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз.
Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс", - деді ол.