Жақындарыңызды қатты құшақтап, қалай жақсы көретініңізді айтуды кейінге қалдырмаңыздаршы!
Танымал тележурналист Дина Төлепберген Ақтау маңына құлаған ұшақ апатына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БАҚ өкілі жауапкершілік авиация сала мамандарында екенін айтты.
«Бұл апат қайғы ғана емес, жауапкершілік сұрағы. Біз шындықты білуге тиіспіз. Бұл жауапкершілік биліктің, авиация саласының және қоғамның мойнында. Қара жамылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Жақындарыңызды қатты құшақтап, қалай жақсы көретініңізді айтуды кейінге қалдырмаңыздаршы. Өмір – қамшының сабындай қысқа екен. Бір-бірімізді бағалайық», – деп жазды Дина Төлепберген.
Еске салайық, Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде 6 жолаушы Қазақстан азаматы екендігі анықталды.